Раздольное ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Раздольное ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

 

2026 жылғы 18 қаңтарда Бәйтерек ауданының Раздольное ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9)-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының Раздольное ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Раздольное сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 394 сайлаушы енгізілді, оның ішінде - 221 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 0. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 18.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

 Ерболатов Болат Хайроллаұлы –  194 (95,57%);

 Мұхтаров Әскер Самидоллаұлы – 4 (1,97%);

 Омарова Айнұр Ерсайынқызы – 5 (2,46%).

Раздольное ауылдық округінің әкімі болып Ерболатов Болат Хайроллаұлы сайланды, 1970 жылы туған, Бәйтерек ауданы Раздольное ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Раздольное ауылында тұрады, «АМАNAT» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы ұсынды.

 

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 января 2026