Бәйтерек ауданы Раздольное ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Бәйтерек ауданы Раздольное ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

 

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес 2025 жылғы 23 желтоқсанда Бәйтерек ауданының Раздольное ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу аяқталды.

Бәйтерек ауданы Раздольное ауылдық округі әкімінің кандидаттығына 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 кандидатты «AMANAT» партиясы аудандық филиалы ұсынды және 2 кандидат өзін – өзі ұсыну тәртібімен ұсынды. Ұсынған 3 кандидаттың барлығы ауылдық округ әкіміне кандидаттар болып тіркелді.

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы ресми ақпарат 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №52 «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газетінде жарияланатын болады.

           

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
24 декабря 2025