Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Раздольное ауылдық округі әкімінің сайлауын 2026 жылғы 18 қаңтарға тағайындау туралы қаулысы

БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ

КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

 

 

Переметный ауылы                              №17                   2025 жылғы 10 желтоқсан

 

 

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының

Раздольное ауылдық округі әкімінің сайлауын

2026 жылғы 18 қаңтарға тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағы 1)-тармақшасына және 2-тармағына сәйкес, Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Раздольное ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылғы 18 қаңтарға тағайындалсын.
  2. 2026 жылғы 18 қаңтарға тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Раздольное ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы қаулының көшірмесі Бәйтерек ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы қаулы Бәйтерек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық-саяси «Ауыл тынысы» газетінде жариялансын.
  6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

        

         Төраға                                                      Р.Ихласов

 

         Хатшы                                                     Г.Губашева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
10 декабря 2025