БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ
КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Переметный ауылы №16 2025 жылғы 10 желтоқсан
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының
Раздольное ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша
сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6)-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Бәйтерек ауданының Раздольное ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша Раздольное ауылдық округі аумағының шекарасында – Раздольное сайлау округі құрылсын.
- Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және сайлау округінің тізімі, оның шекарасы Бәйтерек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық-саяси «Ауыл тынысы» газетінде жариялансын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға Р.Ихласов
Хатшы Г.Губашева