Бәйтерек ауданының елді мекен аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

ЖОБА 

Бәйтерек ауданының елді мекен аумағында

стационарлық емес сауда объектілерін

орналастыру орындарын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» № 264 бұйрығын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бәйтерек ауданының елді мекен аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары бекітілсін.

2. «Бәйтерек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Байменовке жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                              М.Тоқжанов

Бәйтерек ауданының елді мекен аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы
Дата публикации
23 ноября 2020