Янайкин, Шалғай ауылдық округтері әкімдерін тіркеу туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 7 қыркүйекте Янайкин, Шалғай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын өткізді. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына, 113-11-бабына және сайлаудың қорытындыларына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 10 қыркүйектегі шешімдерімен Янайкин, Шалғай ауылдық округтерінің әкімдері лауазымына келесі кандидаттар тіркелді:
Янайкин ауылдық округі – Аққайырова Сәуле Қуанқызы, 1972 жылы туған, Бәйтерек ауданының Янайкин ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Янайкин ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Шалғай ауылдық округі – Қонашев Нұрсұлтан Әлібекұлы, 1992 жылы туған, Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің басшысы, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы