Шалғай ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Шалғай ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

 

2025 жылғы 7 қыркүйекте Бәйтерек ауданының Шалғай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының Шалғай ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Шалғай сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 529 сайлаушы енгізілді, оның ішінде - 264 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 32. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 14.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

  Ағисова Т.М. –  36 (16,51%);

  Әубекеров Ә.С. –  20 (9,18%);

  Қонашев Н.Ә. –  162 (74,31%).

Шалғай ауылдық округінің әкімі болып Қонашев Нұрсұлтан Әлібекұлы сайланды, 1992 жылы туған, Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің басшысы, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
07 сентября 2025