Янайкин ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
2025 жылғы 7 қыркүйекте Бәйтерек ауданының Янайкин ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының Янайкин ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Янайкин сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 715 сайлаушы енгізілді, оның ішінде - 370 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 15. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 7.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Аққайырова С.Қ. – 221 (63,51%);
Қарағойшин Қ.И. – 123 (35,34%);
Хан А.А. – 4 (1,15%).
Янайкин ауылдық округінің әкімі болып Аққайырова Сәуле Қуанқызы сайланды, 1972 жылы туған, Бәйтерек ауданының Янайкин ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Янайкин ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы