Бәйтерек ауданы Янайкин, Шалғай ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ 

Бәйтерек ауданы Янайкин, Шалғай ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ 

           «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес 2025 жылғы 15 тамызда Бәйтерек ауданының Янайкин, Шалғай ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу аяқталды.

Бәйтерек ауданы Янайкин ауылдық округі әкімінің кандидаттығына 5 кандидат ұсынылды, 5 – өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынды. Ұсынған 5 кандидаттың 3-і ауылдық округ әкіміне кандидаттар болып тіркелді, 1 кандидатқа мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тіркеуден бас тартылды, 1 кандидат өз кандидатурасын алып тастау туралы өтініш жазды.

Бәйтерек ауданы Шалғай ауылдық округі әкімінің кандидаттығына 3 кандидат ұсынылды, 3 – өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынды. Ұсынған 3 кандидаттың барлығы ауылдық округ әкіміне кандидаттар болып тіркелді.

           «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы ресми ақпарат 2025 жылғы 19 тамыздағы №34 «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газетінде жарияланатын болады.

           

                        Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
15 августа 2025