ШАЛҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ТУРАЛЫ БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 15 тамыз күні Бәйтерек ауданы Шалғай ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:

  1. Ағисова Тұрсынгүл Мұратқызы, 1990 жылы туған, Бәйтерек ауданы Белес ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Белес ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
  2. Әубекеров Әсет Серікқалиұлы, 1985 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасына қарасты Бәйтерек ауданының ветеринариялық станциясының директоры, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Асан ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
  3. Қонашев Нұрсұлтан Әлібекұлы, 1992 жылы туған, Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің басшысы, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Переметный ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
15 августа 2025