БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің хаты негізінде Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 13 тамызда Бәйтерек ауданының Янайкин ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы оған қойылатын талаптарына сәйкес еместігі туралы хаттама және шешім жасалғанын хабарлайды:
- Сатагулов Нурбулат Амиржанович, 1963 жылы туған, Батыс Қазақстан облысының заң консультанттары палатасының мүшесі, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады; өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы