Янайкин, Шалғай ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 12 тамызда сағат 18.00-де Янайкин, Шалғай ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталғанын хабарлайды.
Ұсыну қорытындысы бойынша 2025 жылғы 31 шілдеден 12 тамыз аралығында аудандық аумақтық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсынушылардан оларды ауылдық округ әкімдеріне кандидат болып ұсынуға 8 өтініш келіп түсті.
Бәйтерек ауданы Янайкин сайлау округі бойынша барлығы 5 кандидат ұсынды, 5 – өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынды.
Бәйтерек ауданы Шалғай сайлау округі бойынша барлығы 3 кандидат ұсынды, 3 – өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынды.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы