Зеленов, Январцев, Чиров ауылдық округтері әкімдерін тіркеу туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Зеленов, Январцев, Чиров ауылдық округтері әкімдерін тіркеу туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының  ХАБАРЛАМАСЫ

 

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 22 маусымда Зеленов, Январцев, Чиров ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын өткізді. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына, 113-11-бабына және сайлаудың қорытындыларына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 24 маусымдағы шешімдерімен Зеленов, Январцев, Чиров ауылдық округтерінің әкімдері лауазымына келесі кандидаттар тіркелді:

Зеленов ауылдық округі – Давлетов Ізғали Сапарғалиұлы, 1966 жылы туған, Бәйтерек ауданы Зеленов ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Зеленое ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

Январцев ауылдық округі – Есмақов Аблай Салықұлы, 1981 жылы туған, Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Январцев мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінің директоры, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Январцев ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

Чиров ауылдық округі – Штык Николай Петрович, 1974 жылы туған, Бәйтерек ауданы Чиров ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Чиров ауылында тұрады, «АМАNAT» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы ұсынды.

 

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
24 июня 2025