Чиров ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
2025 жылғы 22 маусымда Бәйтерек ауданының Чиров ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының Чиров ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Чиров сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 280 сайлаушы енгізілді, оның ішінде - 221 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 1. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абдуллаев Р.А. – 14 (6,36%);
Айтуарова М.А. – 12 (5,46%);
Штык Н.П. – 194 (88,18%).
Чиров ауылдық округінің әкімі болып Штык Николай Петрович сайланды, 1974 жылы туған, Бәйтерек ауданының Чиров ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Чиров ауылында тұрады, «АМАNAT» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы ұсынды.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы