Январцев ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
2025 жылғы 22 маусымда Бәйтерек ауданының Январцев ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының Январцев ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Январцев сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1541 сайлаушы енгізілді, оның ішінде - 542 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 70. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 50.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Басшиева С.Ж. – 35 (8,29%);
Есмақов А.С. – 270 (63,98%);
Ешайтова Ж.М. – 117 (27,73%).
Январцев ауылдық округінің әкімі болып Есмақов Аблай Салықұлы сайланды, 1981 жылы туған, Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Январцев мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінің директоры, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Январцев ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы