Зеленов ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
2025 жылғы 22 маусымда Бәйтерек ауданының Зеленов ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының Зеленов ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Зеленов сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 948 сайлаушы енгізілді, оның ішінде - 337 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 11. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 8.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Давлетов І.С. – 203 (63,84%);
Нәсіпқали Т.М. – 20 (6,29%);
Төлебалиев Н.Қ. – 95 (29,87%).
Зеленов ауылдық округінің әкімі болып Давлетов Ізғали Сапарғалиұлы сайланды, 1966 жылы туған, Бәйтерек ауданы Зеленов ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Зеленое ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы