Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 19-бабы 6,8-тармақтарына сәйкес №186 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында келесі өзгерістер енгізілгенін хабарлайды:
- №186 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Эльвира Руслановна Ескалиеваның орнына, Муханбетова Кульман Мынбаевна сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды;
- №186 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Гульнафис Кдыргалиевна Утемисованың орнына, Кобдабаева Сарбиназ Каримовна сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы