Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы 

 

            Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 20-бабы 12-тармағына сәйкес №162 учаскелік сайлау комиссиясының кейбір комиссия мүшелерінің өкілеттілігі тоқтатылғанын және сайлау комиссиясы мүшелеріне уақытша келесі адамдар тағайындалғанын хабарлайды:

- №162 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Айгерим Мадиевна Татыгулованың орнына Зеленов ауылдық округі әкімі сайлауының науқаны кезеңіне Утеулиев Кайрат Нурымович уақытша сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды;

- №162 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Валентина Александровна Герелистың орнына Зеленов ауылдық округі әкімі сайлауының науқаны кезеңіне Симбиркина Любовь Борисовна уақытша сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.

 

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
17 июня 2025