Бәйтерек ауданы Зеленов, Январцев, Чиров ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес 2025 жылғы 30 мамырда Бәйтерек ауданының Зеленов, Январцев, Чиров ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу аяқталды.
Бәйтерек ауданы Зеленов ауылдық округі әкімінің кандидаттығына 3 кандидат ұсынылды, 3 – өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынды. Ұсынған 3 кандидаттың барлығы ауылдық округ әкіміне кандидаттар болып тіркелді.
Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округі әкімінің кандидаттығына 5 кандидат ұсынылды, 5 – өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынды. Ұсынған 5 кандидаттың 4-і ауылдық округ әкіміне кандидаттар болып тіркелді, 1 кандидатқа мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тіркеуден бас тартылды.
Бәйтерек ауданы Чиров ауылдық округі әкімінің кандидаттығына 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 кандидатты «AMANAT» партиясы аудандық филиалы ұсынды және 2 кандидат өзін – өзі ұсыну тәртібімен ұсынды. Ұсынған 3 кандидаттың барлығы ауылдық округ әкіміне кандидаттар болып тіркелді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы ресми ақпарат 2025 жылғы 2 маусымдағы №23 «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газетінде жарияланатын болады.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы