БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 30 мамыр күні Бәйтерек ауданы Чиров ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:
- Абдуллаев Рахымжан Асқарұлы, 1990 жылы туған, Бәйтерек ауданы Рубежин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Рубежин ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
- Айтуарова Маржан Амангельдіқызы, 1987 жылы туған, Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Макаров ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
- Штык Николай Петрович, 1974 жылы туған, Бәйтерек ауданы Чиров ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Чиров ауылында тұрады, «АМАNAT» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы ұсынды.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы