Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Сұлу көл ауылдық округі әкімін тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Сұлу көл ауылдық округі әкімін тіркеу туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-11-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 2 наурыз күні Сұлу көл ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізді.

Сайлаудың қорытындысына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 4 наурыздағы №13 шешімімен Сұлу көл ауылдық округінің әкімі болып Койшибаев Жасулан Чарлизулы тіркелді  – 1981 жылы туған, Бәйтерек ауданы Сұлу көл ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Сұлу көл ауылында тұрады, «АМАNAT» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы ұсынды.

 

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
04 марта 2025