Бәйтерек ауданы бойынша 2025 жылғы 2 наурыз сағат 07.00-ге
сайлау учаскесін ашу туралы
№192 учаскелік сайлау комиссиясы ұсынған деректерге сәйкес 2025 жылғы 2 наурызда сағат 07.00-дегі жағдай бойынша сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті.
Сайлаушылардың сайлау учаскесіне келуі туралы келесі ақпарат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де, 20.00-де ұсынылатын болады.