БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 7 ақпанда Бәйтерек ауданының Сұлу көл ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Койшибаев Жасулан Чарлизулы, 1981 жылы туған, Бәйтерек ауданының Сұлу көл ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Сұлу көл ауылында тұрады, «АМАNAT» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы ұсынды.
- Куйшбаев Мейрам Жантемирович, 1987 жылы туған, Бәйтерек ауданының Достық ауылдық округі әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Достық ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
- Оразова Гулнур Силыбаевна, 1985 жылы туған, Бәйтерек ауданының Байқоныс ауылдық округі әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Байқоныс ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы