БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ СҰЛУ КӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ СҰЛУ КӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

                                             

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес 2025 жылғы 7 ақпанда Бәйтерек ауданының Сұлу көл ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу аяқталды.

         Бәйтерек ауданының Сұлу көл ауылдық округі әкімінің кандидаттығына барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның 1-еуі «AMANAT» партиясының аудандық филиаллымен ұсынылды  және 2-еуі өзін - өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды. Ұсынылған 3 кандидаттың барлығы ауылдық округ әкіміне кандидаттар болып тіркелді.

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы ресми ақпарат 2025 жылғы 11 ақпандағы №7 «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газетінде жарияланатын болады.

                       

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
07 февраля 2025