БӘЙТЕРЕК АУДАНЫ СҰЛУ КӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылдың 5 қараша күні сағат 18.00-де Сұлу көл ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталғанын хабарлайды.
Бәйтерек ауданы бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1-еуі - «AMANAT» партиясының Бәйтерек аудандық филиалынан және 2-еуі өзін-өзі ұсынғандар.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы