2020 жылдың IІІ тоқсаны бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасынаішкі бақылау бойынша аналитиқалық жазба
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізу мақсатында аудан әкімі аппараты басшысының 2019 жылдың 10 желтоқсандағы «2020 жылға Бәйтерек ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуы бойынша ішкі бақылау іс шараларын жүргізу жоспары» бекітілді.
Бекітілген кестеге сәйкес 2020 жылдың IІІ-тоқсанында 2 білім беру ұйымдарында ішкі мемлекеттік бақылау іс-шарасы жүргізілді. Тексеріс нәтижесінде жалпы 1 заң бұзушылық анықталды.
Тексеріс қорытындысы бойынша 1 ұсыныс беріліп, қазіргі таңда орындалуда.
Есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілген қызметтерге мониторинг жүргізу нәтижелеріне сәйкес 22 ауылдық округ, АХАЖ қызметі мен 10 аудандық дербес бөлімдерімен барлығы 4361 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде:
- қағаз түрінде қызмет берушілер арқылы – 532 қызмет;
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде – 2053 қызмет;
- Қызметті берушілердің ақпарттық жүйелері арқылы – 1776 қызмет.
Есепті кезеңде 51 мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды. Соның ішінде: негізді бас тарту 51, электронды түрде 48, қағаз түрінде – 3.