Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Макаров ауылдық округі әкімін тіркеу туралы хабарламасы

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Макаров ауылдық округі әкімін тіркеу туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-11-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылдың 1 желтоқсан күні Макаров ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізді.

Сайлаудың қорытындысына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 4 желтоқсандағы №88 шешімімен Макаров ауылдық округінің әкімі болып Абилкакимов Еркін Рустамұлы тіркелді  – 1984 жылы туған, Бәйтерек ауданының Макаров ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Макаров ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

 

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
04 декабря 2024