Макаров ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

 

Макаров ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

2024 жылғы 1 желтоқсанда Бәйтерек ауданының Макаров ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9)-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының Макаров ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Макаров сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1027 сайлаушы енгізілді, оның ішінде -  635 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 7. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 21.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

        Абилкакимов Е.Р. – 365 (60,1%);

        Кужагалиев Т.К. –  226 (37,2%);

        Төлебалиев Н.Қ. –   16 (2,7%).

Макаров ауылдық округінің әкімі болып Абилкакимов Еркін Рустамұлы сайланды, 1984 жылы туған, Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Макаров ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 

                              Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
01 декабря 2024