БӘЙТЕРЕК АУДАНЫ МАКАРОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылдың 5 қараша күні сағат 18.00-де Макаров ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталғанын хабарлайды.
Бәйтерек ауданы бойынша барлығы 4 кандидат ұсынылды, олар барлығы өзін-өзі ұсынғандар, соның ішінде тіркеуге дейін 1 кандидат өзінің кандидатурасын алып тастады.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы