Бәйтерек аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің шекарасы

БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ

КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

 

Переметный ауылы                         №3                  2024 жылғы 11 қазан

 

Бәйтерек ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының

«Бәйтерек аудандық мәслихаттың

депутаттарын сайлау бойынша

аумақтық сайлау округтерін құру

туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы

№3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6)-тармақшасына, 22-бабына сәйкес және Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімінің «Бәйтерек ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2024 жылғы  29 ақпандағы №13 шешімінің негізінде Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы            ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының «Бәйтерек аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №3 қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулысының қосымшасы осы қаулысының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Төраға                                                   Р.Ихласов

 

Хатшы                                                   Г.Губашева

 

 

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау

комиссиясының 2024 жылғы

11 қазандағы №3 қаулысына қосымша

 

 

Бәйтерек аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша

бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің шекаралары

 

№2 сайлау округі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері: Зеленое ауылы, Еңбек Ері көшесі, №14, «Зеленов жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Шекаралар: Зеленое ауылы, Калинин ауылы, Егіндібұлақ ауылы, Алмалы ауылы, Атамекен ауылы, Гремячее ауылы.

Сайлау учаскелері кіреді: №162, №157, №163, №165.

Дата публикации
14 октября 2024