Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Макаров ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ

КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

 

 

Переметный ауылы                            №4                                   2024 жылғы 23 қазан

 

 

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының

Макаров ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша

сайлау округін құру туралы

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6)-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бәйтерек ауданының Макаров ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша Макаров ауылдық округі аумағының шекарасында – Макаров сайлау округі құрылсын.
  2. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және сайлау округінің тізімі, оның шекарасы Бәйтерек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық-саяси «Ауыл тынысы» газетінде жариялансын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

 

         Комиссия төрағасы                                         Р.Ихласов

 

         Комиссия хатшысы                                         Г.Губашева

 

Дата публикации
23 октября 2024