Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Макаров ауылдық округі әкімінің сайлауын 2024 жылғы 1 желтоқсанға тағайындау туралы

БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ

КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

 

 

Переметный ауылы                              №5                            2024 жылғы 23 қазан

 

 

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының

Макаров ауылдық округі әкімінің сайлауын

2024 жылғы 1 желтоқсанға тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағы 1)-тармақшасына және 2-тармағына сәйкес, Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Макаров ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 1 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. 2024 жылғы 1 желтоқсанға тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Макаров ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы қаулысының көшірмесі Бәйтерек ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы қаулы Бәйтерек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық-саяси «Ауыл тынысы» газетінде жариялансын.
  6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

        

         Комиссия төрағасы                               Р.Ихласов

 

         Комиссия хатшысы                               Г.Губашева

 

Дата публикации
23 октября 2024