Переметный ауылы №3 2024 жылғы 11 қазан
Бәйтерек ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының
«Бәйтерек аудандық мәслихаттың
депутаттарын сайлау бойынша
аумақтық сайлау округтерін құру
туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы
№3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6)-тармақшасына, 22-бабына сәйкес және Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімінің «Бәйтерек ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2024 жылғы 29 ақпандағы №13 шешімінің негізінде Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулысының қосымшасы осы қаулысының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Төраға Р.Ихласов
Хатшы Г.Губашева
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау
комиссиясының 2024 жылғы
11 қазандағы №3 қаулысына қосымша
Бәйтерек аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша
бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің шекаралары
№2 сайлау округі
Сайлау комиссиясының орналасқан жері: Зеленое ауылы, Еңбек Ері көшесі, №14, «Зеленов жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралар: Зеленое ауылы, Калинин ауылы, Егіндібұлақ ауылы, Алмалы ауылы, Атамекен ауылы, Гремячее ауылы.
Сайлау учаскелері кіреді: №162, №157, №163, №165.