Қаулы

 

Батыс Қазақстан

облысы

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

 Территориальная избирательная

комиссия района Бәйтерек

Западно-Казахстанской области

 

ҚАУЛЫ

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

11 қазан 2024 жыл №2

 

 

№2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі

бойынша Бәйтерек ауданы мәслихатының

шығып қалған депутатының орнына

сайлауды тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 1-тармағының                 4) тармағына, 101-бабының 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды  бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізінде Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Бәйтерек ауданының шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан 8 қарашаға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 13 қарашаға дейін белгіленсін.
  3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған, Бәйтерек ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы аудандық қоғамдық-саяси «Ауыл тынысы» газетінде жариялансын және Бәйтерек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын.

 

 

 

Төраға                                                    Р.Ихласов

 

Хатшы                                                   Г.Губашева

        

 

 

 

 

 

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау  комиссиясының 2024 жылғы

11 қазандағы №2 қаулысына қосымша

 

 

2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Бәйтерек ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі

негізгі іс-шаралардың

Күнтізбелік жоспары

 

 

1. Сайлау округінің тізімін, оның шекарасы мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып,  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2024 жылғы 21 қазаннан кешіктірмей

(14-б. 6-тт., 22-б.)

 

2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

 2024 жылғы 21 қазаннан кешіктірмей

 (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)

 

3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2024 жылғы 26 қазаннан кешіктірмей

                                                                                   (23-б. 5-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2024 жылғы 26 қазаннан кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

5. №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және №2 округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну.

 

 

 

Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның,

өзге де қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің), жоғары басшы органы

2024 жылғы 11 қазанда басталады және 2024  жылғы  8 қарашада  сағат 18.00-де аяқталады

 (103-б.)

 

6. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу.

 

№2 округтік сайлау комиссиясы

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

 

7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну мерзімі басталатын 2024 жылғы 1 қазанына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну.

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Тіркелгенге дейін

(104-б. 2-т.)

 

8. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу.

 

№2 округтік сайлау комиссиясы

2024 жылғы 11 қазанда басталады және 2024  жылғы 13 қарашада  сағат 18.00-де аяқталады

 (104-б)

 

9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну.

 

№2 округтік сайлау комиссиясы

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

 (104-б. 5-т.)

 

10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

№2 округтік сайлау комиссиясы

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

                                              (104-б. 6-1-т. 1-тт., 16-1 б. 6-тт.)

 

11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу.

 

 

№2 округтік сайлау комиссиясы

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

(14-б. 8-тт., 16-1-б, 6-тт., 31-б.)

                                 

12. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

 

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                               (104-б. 2-т.)

 

13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу.

 

№2 округтік сайлау комиссиясы

Кандидат тіркелгеннен кейін 

                                                                               (34-б. 6-т.)

 

14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау.                              

 

№2 округтік сайлау комиссиясы

Айына екі рет

 

15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру.

 

Жергілікті атқарушы орган және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2024 жылғы 13 қарашаға дейін

(28-б. 6-т.)

 

 

 

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2024 жылғы 13 қарашада  сағат 18.00 -ден кейін басталады және 2024  жылғы 7 желтоқсанда  сағат 00.00-де аяқталады

 (27-б. 2-т.)

 

17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Жергілікті атқарушы орган және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

 

18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну.                                                   

 

Аудан әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2024 жылғы 17 қараша

 (26-1 б. 1-т.)

 

19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.

 

№157, №162, №163, №165 учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2024 жылғы 22 қарашадан бастап

                                                                        (26-б. 1-т.)

 

20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету.                                                                            

 

№157, №162, №163, №165 учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 27 қарашаға дейін

   (18-б. 8) т., 38-б. 2-т.)

 

21. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау күніне дейінгі он күннен кешіктірмей

 (38-б. 1-т., 3-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.                          

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2024 жылғы 5 желтоқсаннан ерте емес және                                        7 желтоқсанға дейін

 (37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау.           

 

№157, №162, №163, №165 учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, 

2024 жылғы 8 желтоқсанда сағат 06:00-де

(38-б. 1-т., 40-б. 1-т.)

 

24. Дауыс беруді өткізу.                                              

 

 

 

 

 

№157, №162, №163, №165 учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе,  2024 жылғы 8 желтоқсанда сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

 

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде аудандық мәслихаттың депутатын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау.                                   

 

№157, №162, №163, №165 учаскелік сайлау комиссиялары

Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе және дауыстарды санау басталғаннан 12 сағаттан аспаса, 2024 жылғы 8 желтоқсан сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу.                               

 

№157, №162, №163, №165 учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

 

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды №2 округтік сайлау комиссиясына ұсыну.    

 

№157, №162, №163, №165 учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

28. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну.

 

№2 Округтік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (108-б. 1-т.)

 

29. Мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындыларын анықтау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей

2024 жылғы 9 желтоқсаннан кешіктірмей                                                                    

(14-б. 9) т., 44-б. 2- т., 108-б. 2-т.)

 

30. Мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2024 жылғы 14 желтоқсаннан кешіктірмей

 (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

                                                                                                                            

31. Шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайланған депутаты тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру.                                          

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)

 

32. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде

                                                                             (34-б. 4-т.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларының (ҚР ОСК 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 қаулысы) нормаларына сілтемелер берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Примечание: В тексте Календарного плана даются ссылки на нормы Конституционного закона Республики Казахстан «О выборах в Республике Казахстан», Правил открытия специального временного счета расходования средств избирательного фонда (постановление ЦИК РК от 7 августа 1999 года №19/222).

 

Дата публикации
11 октября 2024