Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Дариян, Құрманғазы, Рубежин ауылдық округтері әкімдерін тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Дариян, Құрманғазы, Рубежин ауылдық округтері әкімдерін тіркеу туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылдың 7 шілдеде Дариян, Құрманғазы, Рубежин ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын өткізді. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45-бабына, 113-11-бабына және сайлаудың қорытындысына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 10 шілдедегі шешімдерімен Дариян, Құрманғазы, Рубежин ауылдық округтерінің әкімдері лауазымына келесі кандидаттар тіркелді:

Дариян ауылдық округі – Какенов Тілек Насырұлы, 1967 жылы туған, Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Дариян ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

Құрманғазы ауылдық округі – Жұманиязова Әдемі Құбышқызы, 1982 жылы туған, Бәйтерек ауданы Құрманғазы ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Құрманғазы ауылында тұрады, «АМАNAT» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы ұсынды.

Рубежин ауылдық округі – Жұмағалиев Арман Юрьевич, 1981 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
10 июля 2024