Рубежин ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
2024 жылғы 7 шілдеде Бәйтерек ауданының Рубежин ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының Рубежин ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Рубежин сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1053 сайлаушы енгізілді, оның ішінде - 580 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 6. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 56.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Аткешов Н.Ғ. – 215 (41,5%);
Жұмағалиев А.Ю. – 298 (57,5%);
Мұхтаров М.Н. – 5 (1,0%).
Рубежин ауылдық округінің әкімі болып Жұмағалиев Арман Юрьевич сайланды, 1981 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы