Дариян ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Дариян ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

2024 жылғы 7 шілдеде Бәйтерек ауданының Дариян ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының Дариян ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Дариян сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4058 сайлаушы енгізілді, оның ішінде -  1238 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 18. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 97.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Бегеев Т.Б. – 424 (37,8%);

         Какенов Т.Н. –  680 (60,5%);

         Қонашев Н.Ә. –   19 (1,7%).

Дариян ауылдық округінің әкімі болып Какенов Тілек Насырұлы сайланды, 1967 жылы туған, Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Дариян ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
08 июля 2024