Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Дариян ауылдық округі әкіміне кандидат Асылбек Нұрлыбекұлы Омаровтың және Құрманғазы ауылдық округі әкіміне Асылбек Ғайсаұлы Асановтың өз кандидатурасын алып тастау туралы өтініштерінің түсуіне байланысты, олардың кандидатураларын алып тастау және кандидат ретінде тіркеудің күшін жою туралы шешімдер шығарылғанын хабарлайды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Р.Ихласов