Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының шешімі - "Бәйтерек ауданының Құрманғазы, Рубежин ауылдық округтері әкімдері лауазымдарына кандидаттардың сайлауалды пікірсайыстарын өткізу туралы"

Бәйтерек ауданының Құрманғазы, Рубежин ауылдық округтері әкімдері лауазымдарына кандидаттардың сайлауалды пікірсайыстарын өткізу туралы

БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ Переметный ауылы №30 2024 жылғы 15 маусым Бәйтерек ауданының Құрманғазы, Рубежин ауылдық округтері әкімдері лауазымдарына кандидаттардың сайлауалды пікірсайыстарын өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағының 2)-тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ: 1. 2024 жылғы 7 шілдеге тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Құрманғазы ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылдың 20 маусым күні сағат 11.00-де Құрманғазы ауылдық клубының ғимаратында (келісім бойынша) кандидаттар арасында сайлауалды пікірсайысы өткізілсін. 2. 2024 жылғы 7 шілдеге тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Рубежин ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылдың 20 маусым күні сағат 17.00-де Рубежин ауылдық клубының ғимаратында (келісім бойынша) кандидаттар арасында сайлауалды пікірсайысы өткізілсін. 3. Осы шешім Құрманғазы, Рубежин ауылдық округтері әкімдеріне тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін. 4. Осы шешім Бәйтерек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын. 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Г.Губашеваға жүктелсін. 6. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Комиссия төрағасы Р.Ихласов Комиссия хатшысы Г.Губашева
Дата публикации
15 июня 2024