БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылдың 14 маусым күні Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:
- Бегеев Төлеби Болатұлы, 1993 жылы туған, БҚО әкімдігі денсаулық басқармасы «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ МКК медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі директоры орынбасарының міндетін атқарушы, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Дариян ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
- Какенов Тілек Насырұлы, 1967 жылы туған, Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Дариян ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
- Қонашев Нұрсұлтан Әлібекұлы, 1992 жылы туған, Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің басшысы, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
- Омаров Асылбек Нұрлыбекұлы, 1983 жылы туған, Бәйтерек ауданы мемлекеттік сатып алулар бөлімінің басшысы, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы