Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Рубежин ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу

БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылдың 14 маусым күні Бәйтерек ауданы Рубежин ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:

  1. Аткешов Нұржан Ғалымжанұлы, 1987 жылы туған, «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының саяси жұмыс бөлімінің консультанты, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Рубежин ауылында тұрады, «АМАNAT партиясы» Бәйтерек аудандық филиалы ұсынды.
  2. Есенғалиева Нұрсәуле Әуелбекқызы, 1991 жылы туылған, Бәйтерек ауданының мансап орталығының директоры, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
  3. Жұмағалиев Арман Юрьевич, 1981 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
  4. Мұхтаров Мәулет Нәсиболлаұлы, 1984 жылы туған, Бәйтерек ауданының Переметный ауылдық округі әкімінің орынбасары, Бәйтерек ауданының Калинин ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 июня 2024