Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Құрманғазы ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы

БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылдың 14 маусым күні Бәйтерек ауданы Құрманғазы ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:

  1. Асанов Асылбек Ғайсаұлы, 1989 жылы туған, Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының азаматтық қорғау мәселелері жөніндегі бас инспекторы, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
  2. Жұманиязова Әдемі Құбышқызы, 1982 жылы туған, Бәйтерек ауданы Құрманғазы ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Құрманғазы ауылында тұрады, «АМАNAT партиясы» Бәйтерек аудандық филиалы ұсынды.
  3. Нигметова Римма Максутовна, 1967 жылы туған, Бәйтерек ауданы Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Дариян ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 июня 2024