Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Құрманғазы, Дариян, Рубежин ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарламасы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 11 маусымда сағат 18.00-де Құрманғазы, Дариян, Рубежин ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталғанын хабарлайды.
Ұсыну қорытындысы бойынша 2024 жылғы 30 мамырдан 11 маусым аралығында аудандық аумақтық сайлау комиссиясына саяси партиялармен өзін-өзі ұсынушылардан оларды ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар болып ұсынуға 11 өтініш келіп түсті.
Бәйтерек ауданы Құрманғазы сайлау округі бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды: 1 - «AMANAT» партиясының аудандық филиалы ұсынды, 2 өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.
Бәйтерек ауданы Дариян сайлау округі бойынша барлығы 4 кандидат ұсынылды, 4-уі де өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.
Бәйтерек ауданы Рубежин сайлау округі бойынша барлығы 4 кандидат ұсынылды. 1 - «AMANAT» партиясының аудандық филиалы ұсынды, 3 – өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.