2024 жылғы 7 маусымдағы кандидаттардың ұсынуы туралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ақпараты
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясына 2024 жылғы 7 маусымда Құрманғазы және Дариян ауылдық округтерінің әкімдеріне өз кандидатураларын ұсыну үшін 5 өтініш түсті: олардың ішінде 2 өтініш – Құрманғазы ауылдық округінің әкіміне өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылғандар Римма Максутовна Нигметовадан, Асылбек Ғайсаұлы Асановтан және 3 өтініш – Дариян ауылдық округінің әкіміне өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылғандар Тілек Насырұлы Какеновтан, Нұрсұлтан Әлібекұлы Қонашевтан, Асылбек Нұрлыбекұлы Омаровтан
Өзін-өзі ұсынғандар Р.М.Нигметованың, А.Ғ.Асановтың, Т.Н.Какеновтың, Н.Ә.Қонашевтың, А.Н.Омаровтың барлық құжаттары құжаттар тізбесіне сәйкес қабылданды. Кейіннен әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін және оларды одан әрі кандидат ретінде тіркеуді анықтау үшін барлық қажетті құжаттары тиісті органдарға жіберіледі.