БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ - Құрманғазы, Дариян, Рубежин ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ Переметный ауылы №19 2024 жылғы 29 мамыр Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Құрманғазы, Дариян, Рубежин ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын 2024 жылғы 7 шілдеге тағайындау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-1-бабына сәйкес Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Құрманғазы, Дариян, Рубежин ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2024 жылғы 7 шілдеге тағайындалсын. 2. 2024 жылғы 7 шілдеге тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Құрманғазы, Дариян, Рубежин ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін. 3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін. 4. Осы шешімнің көшірмесі Бәйтерек ауданының әкіміне жолдансын. 5. Осы шешім Бәйтерек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық – саяси «Ауыл тынысы» газетінде жариялансын. 6. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Комиссия төрағасы Р.Ихласов Комиссия хатшысы Г.Губашева
Дата публикации
29 мая 2024