БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ - Құрманғазы, Дариян, Рубежин ауылдық округтері әкімдерінін сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы

БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ

КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ Переметный ауылы №18 2024 жылғы 29 мамыр Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Құрманғазы, Дариян, Рубежин ауылдық округтері әкімдерін сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 6)-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Бәйтерек ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау үшін сайлау округтері құрылсын: 1) Құрманғазы ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша Құрманғазы ауылдық округі аумағының шекарасында – Құрманғазы сайлау округі; 2) Дариян ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша Дариян ауылдық округі аумағының шекарасында – Дариян сайлау округі; 3) Рубежин ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша Рубежин ауылдық округі аумағының шекарасында – Рубежин сайлау округі. 2. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары Бәйтерек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық-саяси «Ауыл тынысы» газетінде жариялансын. 3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Комиссия төрағасы Р.Ихласов Комиссия хатшысы Г.Губашева
Дата публикации
29 мая 2024