Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына және Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына сәйкес Бөрлі ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша қайта конкурсты 2020 жылғы 21 қазан сағат 1500 де өткізеді. Өтетін орны: Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Абай көшесі, 3/1 мекен-жайы бойынша Ақсай қаласы әкімдігінің ғимараты