Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Егіндібұлақ ауылдық округі әкімін тіркеу туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-11-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылдың 7 сәуір күні Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізді.
Сайлаудың қорытындысына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 10 сәуірдегі №16 шешімімен Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі болып Искендиров Ринат Маратұлы тіркелді – 1987 жылы туған, Бәйтерек ауданының Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Егіндібұлақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы