Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

2024 жылғы 7 сәуірде Бәйтерек ауданының Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының Егіндібұлақ ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Егіндібұлақ сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 323 сайлаушылар енгізілді, оның ішінде - 249 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 3. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 10.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Искендиров Р.М. –186 (78,8%);

         Коняева Б.Ж. –  37 (15,7%);

         Молтуғанов Т.С. –  13 (5,5%).

Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі болып Искендиров Ринат Маратұлы сайланды, 1987 жылы туған, Бәйтерек ауданының Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Егіндібұлақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
07 апреля 2024