Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Зеленов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №186 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы Бәйтерек ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 8 ақпандағы № 60 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2023 жылғы 1 наурызда № 7120-07 болып тіркелді. Бәйтерек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Зеленов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №186 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3833 болып тіркелген) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Бәйтерек ауданының әкімі М. Тоқжанов "КЕЛІСІЛДІ" Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 8 ақпандағы № 60 әкiмдiгінiң қаулысына қосымша 2015 жылғы 27 ақпандағы № 186 Зеленов ауданы әкiмдiгінiң қаулысына қосымша Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар № Ауылдық округ атауы Елді мекен атауы Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 1. Егіндібұлақ Егіндібұлақ Мектеп көшесі, 1/1 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Егіндібұлақ "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды
Дата публикации
05 марта 2024